Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық білім басқармасы 20 сәуірден бастап балаларды балабақшаға топтау кезеңінің басталатындығы жайлы мессенджерлер арқылы таралып жатқан ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
«Ақпарат шындыққа жанаспайды. Нұр-Сұлтан қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды топтауды мамыр айының ортасында бастаймыз деп жоспарлаудамыз. Бұл туралы ақпарат алдын-ала БАҚ-та, білім басқармасының bilim.astana.kz ресми ресурсында және әлеуметтік желілердегі басқарманың парақшаларында жарияланатын болады», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.Сонымен қатар, басқармада мектепке дейінгі ұйымға жолдаманы e.astana.kz порталы арқылы (ЭЦҚ) 24/7 режимінде алуға болатынын еске салды.