Нұр-Сұлтанда 6 қыркүйекте қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады

4 Қыркүйек 2020, 12:49
2128
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда 6 қыркүйекте қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл күні дезинфекция жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Жексенбі күні, 6 қыркүйекте қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Бұл күні автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Сенбі күні қоғамдық көлік сағат 23:00-ге дейін жүреді.

Дүйсенбіден бастап 7 қыркүйекте қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қалыпты жұмыс істейді. 

Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке маска тағып кіру керек. Жол ақысы тек электронды түрде төленеді.

Өзгелердің жаңалығы