Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл күні дезинфекция жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Жексенбі күні, 6 қыркүйекте қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Бұл күні автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
Сенбі күні қоғамдық көлік сағат 23:00-ге дейін жүреді.
Дүйсенбіден бастап 7 қыркүйекте қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қалыпты жұмыс істейді.
Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке маска тағып кіру керек. Жол ақысы тек электронды түрде төленеді.