Бүгін еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

4 Наурыз 2020, 08:30
2038
Бөлісу:
Бүгін еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Сәрсенбі күні Қазақстан қалаларында метеорологиялық ахуал қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Мәліметке сәйкес, 4 наурызда Нұр-Сұлтан, Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе және Шымкент қалаларында ауа сапасы нашарлайды. 

Өзге шаһарларда метеожағдай қалыпты болады. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Өзгелердің жаңалығы