Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәрсенбі күні Қазақстан қалаларында метеорологиялық ахуал қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Мәліметке сәйкес, 4 наурызда Нұр-Сұлтан, Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе және Шымкент қалаларында ауа сапасы нашарлайды.
Өзге шаһарларда метеожағдай қалыпты болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.