Нұр-Сұлтан қаласының сайлау комиссиялары үшін кадрлар дайындалуда

27 Сәуір 2019, 13:27
2746
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан қаласының сайлау комиссиялары үшін  кадрлар дайындалуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы базасында Нұр-Сұлтан қаласының аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері және учаскелік сайлау комиссияларының басшылары үшін оқыту семинары өтті.

Оқытуды сайлау заңнамалары мен сайлау процестерін ұйымдастыруда, сайлау науқандарын өткізуде едәуір тәжірибелері бар эксперттер жүргізді.

Семинар барысында 2017 – 2018 жылдары сайлау заңнамаларына енгізілген өзгерістерге, мемлекет басшысы сайлауын ұйымдастыру мен өткізу ерекшеліктеріне байланысты тақырыптар ашық талқыланды.

Бағдарламаға сайлау комиссияларының жұмыстарын ұйымдастыру, сайлауда дауыс беру тәртібі мен дауыс беруді қорытындылау, сайлау заңнамаларын бұзғаны үшін жауапкершіліктер, қоғамдық байқаушылар мен БАҚ өкілдерімен өзара қарым-қатынастың тәжірибелік және дәрістік сабақтары енгізілген.

Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Альтаир Ахметов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясымен Академия арасындағы 2018 жылғы 8 ақпандағы меморандуммен бағыттары белгіленген серіктестікті атап өтті. Қазіргі кезде Академияның өңірлік филиалдары ҚР Орталық сайлау комиссиясының әдістемелік қолдауымен сайлау саласы кадрларын оқыту үшін оқу базасына айналды.

Семинарды ашу кезінде қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Владимир Редкокашин әріптестерін тек тыңдап қана қоймай, сондай-ақ 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы күні ұйымдастырушылық және құқықтық мәселелерді болдырмау үшін сұрақтар қойып, талқылауларға белсене қатысуға шақырды.

Сайлау комиссиялары мүшелерінің дауыс беру күні сайлаушылармен өзін-өзі ұстау, мүмкін болатын қақтығыс жағдаяттар мәселелеріне ерекше назар аударылды. Семинарға қатысушылар алған білімдерін «ҚР Президентін сайлау күні» іскерлік ойыны барысында тәжірибелік машықтары арқылы шыңдады.

Орталық сайлау комиссиясы Электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімінің өкілі Т.Рыспеков сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби даярлығы шешетін мәселелерге ерекше назар аударуға көңіл бөлді.

"Нормативтік-құқықтық негізде бекітілген электораттық оқытуды ұйымдастырудың жаңа жүйелік тәсілдерін ескере отырып, біз оқытудың деңгейі жоғары болады деп күтудеміз. Бұған негіз ретінде ҚР ОСК әзірлеген каскадтық әдіспен сайлау жүйесінің барлық деңгейлері бойынша сайлау процесін ұйымдастырушыларын бірнеше кезеңмен оқыту республикалық деңгейде Ортсайлаукомнан, учаскелік сайлау комиссияларына дейін жүзеге асырылады. Сайлау комиссиялары кадрларын оқыту процесіндегі жаңа тәсіл сайлауды ұйымдастырушыларға сайлау науқанын барынша әділ, ашық, жақсы деңгейде өтуін қамтамасыз етуге көмектесуі тиіс", - делінген таратылған ақпартта.

Семинар сертификаттар табыс етумен аяқталды. Мамыр айы бойы учаскелік сайлак комиссиялары мүшелері үшін семинар-тренингтер қатары жоспарлануда.

Оқытылған сайлау комиссияларының мүшелері бұдан әрі ҚР Орталық сайлау комиссиясының әдістемелік қолдауымен каскадтық әдіске сай төмен тұрған сайлау комиссиялары мүшелерін оқытады. 

Өзгелердің жаңалығы