Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орталық аппарат пен партияның Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы филиал қызметкерлерінің 70%-дан астамы қашықтан жұмыс істейді. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі шаралары аясында 18 наурыздан бастап партияның орталық аппараты мен Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы филиалдарының қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуге ауыстырылды, - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Сонымен бірге, партияның төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою үшін "Нұр Отан" ХДП-ның Call-орталығы мен қоғамдық қабылдаулардың интернет-қызметі жұмысы күшейтілетіні жеткізді.
Азаматтардың еңбек, әлеуметтік және басқа да құқықтарын қорғау, сондай-ақ жұмыс берушілердің карантин кезеңінде ұсынылған жұмыс форматын сақтау мәселелері партиялық бақылауға алынады, - деді Б. Байбек.