Ұмытылмас күн: Димаш Құдайбергеннің жеке концерті қалай өтті?

30 Маусым 2019, 10:17
12440
Бөлісу:
Ұмытылмас күн: Димаш Құдайбергеннің жеке концерті қалай өтті?
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кеше әнші Димаш Құдайбергеннің тыңдармандары үшін ұмытылмас күн болды. Елордадағы Астана Арена стадионында «Арнау» атты жеке концертін өткізген әнші көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Ұмытылмас күн: Димаш Құдайбергеннің жеке концерті қалай өтті?

«Мен үшін бақыт – сахна»

Ұмытылмас күн: Димаш Құдайбергеннің жеке концерті қалай өтті?

Димаш жеке концерті шымылдығын «Golden Intro» әнімен ашып, «Аққуым» әнімен жалғастырды.

«Әркімнің өз бақыт өлшемі бар. Менің бақытым – сахна. Менің әндерім жүректеріңізге жеткен болса – менің өмірдегі үлкен миссиямның орындалып жатқандығы. Құрметті ағайын, сіздердің алдарыңызда өнер көрсетіп тұрған менде арман жоқ. Баршаларыңызға келгендеріңіз үшін көп-көп рақмет!» - деді көрермендеріне алғыс айтқан Димаш.

«Ән кешін отандастарыма арнаймын»

Ұмытылмас күн: Димаш Құдайбергеннің жеке концерті қалай өтті?

27 ән орындалған Димаштың ән кешіне қазақстандық көрермендермен қатар әлемнің АҚШ, Ұлыбритания, Бразилия, Мексика, Канада, Австралия, Швейцария және басқа да 64 елінен 10 мыңға жуық көрермен келді.

«Сіздердің алдарыңызда мен өзімді Лучано Паворотти немесе Майкл Джексондай сезінемін. Сіздерге көп рақмет! Ең алдымен «Халқым аман болсын» деп тілеймін. Бүгінгі «Арнау» деп аталатын концертімді өзімнің туған жеріме, бауырларыма және бүкіл әлемдегі барлық тыңдармандарыма арнаймын», - дейді ол.

«Любовь уставших лебедей» әнінің авторы, Ресей халық әртісі Игорь Крутой Димаштың жеке концертіне не себепті келгенін айтты.

«Мен Қазақстанға жиі келемін, себебі Қазақстанды жақсы көрем. Екіншіден, Димаштың шығармашылығын жақсы көрем», - деді ол.

«Денис Тен – қазақтың маңдайына біткен шоқжұлдыз»

Ұмытылмас күн: Димаш Құдайбергеннің жеке концерті қалай өтті?

Димаш жеке концерті барысында марқұм досы – Денис Тенге ән арнады. Ол Денис тен өнер көрсеткен SOS d'un terrien en détresse композициясын орындап, концертке қонақ ретінде келген Денис Теннің ата-анасына алғыс айтты.

«Осыдан біраз уақыт бұрын Денис екеуміз менің Қазақстанда өтетін келесі концертімде дуэт болып ән айтамыз деп армандап, жоспарлаған едік. Бірақ... Алланың жазғанына амал жоқ... Денис тума талант және өте еңбекқор жігіт болды. Аз ғана ғұмырында өнер туын, адамдық туын, қазақ елінің туын биікке көтеріп кетті. Осы жерде Қазақтың маңдайына біткен шоқжұлдызы, біздің мақтанышымыз Деніс теннің әкесі, анасы отыр. Бұл қошемет сіздер үшін! Сіздерге менің ғана емес, қазақ халқы, жанкүйерлері атынан ықылас гүлін беруге рұқсат етіңіздер! Біз сіздердің ұлдарыңызды ешқашан ұмытпаймыз. Оның Қазақстан тарихындағы рөлі ерекше», - дейді Димаш.

Сондай-ақ, Димаш ата-апасы мен нағашы апасына ықылас гүлін сыйлап, жаңа ән арнады.

«Мені бәрі қошеметке бөлеп, жақсы көреді. Кейде мен осыған лайықтымын ба, әлде лайықты емеспін бе деп ойлаймын. Бала кезімде дәл осылай болуын армандайтын едім. Ата-анама ән арнап, орнынан тұрғызып, алғыс айтуды армандадым», - дейді ол.

«Арыстықтарға қаражат аударамын»

Ұмытылмас күн: Димаш Құдайбергеннің жеке концерті қалай өтті?

Димаш жеке концертінде көрерменнің жүрегінен орын тапқан әндерден бөлек жаңа альбомнан бес ән орындады, олар: Give me your love, Screaming, Autumn strong, Lay down, If I never breathe again.

Ұмытылмас күн: Димаш Құдайбергеннің жеке концерті қалай өтті?

Димаш концерт барысында Арыста болған жарылыс туралы айтты.

«Шетелде көп жүргеніммен, елімізде болып жатқан жаңалықтарды әлеуметтік желілерден оқып-біліп отырамын. Жақында Арыста болған оқиға маған да қатты батты. Тіпті концерт беру осы кезде ыңғайсыздау секілді көрінді, солай айтқандар да болды. Алайда шетелден шақырып қойылған қонақтар бар, арнайы келушілер бар. Соларды ескеру керек болды. Сондықтан Арыстықтарға көмек ретінде осы концерттен түскен қаражаттың бір бөлігін аударамын деп шештім. Бұл сіздердің де көмектеріңіз болып саналады, ағайын» - деді Димаш Құдайберген концерт барысында.

«Димаш – құбылыс»

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданының тұрғыны, Димаштың тыңдарманы Сәуле Сағатова Димаш қайталанбас әнші екенін айтты.

Ұмытылмас күн: Димаш Құдайбергеннің жеке концерті қалай өтті?

«Димаштың шығармашылығын ерекше жақсы көрем. Әрдайым тілеулес болып, ол туралы жаңалықтарды қалдырмай оқимын. Нұр-Сұлтан қаласына Димаштың концерті үшін арнайы келдім. Димаш баламыз тіл-көзден аман болсын. Ол – тума талант, ол – текті, ол – ерекше, ол – елінің ғана емес, әлемнің ерекше ықыласына бөленген әнші», - дейді Сәуле Сағатова.

Ұмытылмас күн: Димаш Құдайбергеннің жеке концерті қалай өтті?

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Астана Арена стадионында жеке концерті өтетіні туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы