Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мысырда Абайдың 175 жылдығына орай вебинар өтті

10 Тамыз 2020, 16:41
1494
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ. Мысыр елінде Қазақстан елшілігінің ұйымдастыруымен "Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл философ Абайдың туғанына 175 жыл" атты вебинар өтті.

Онлайн форматта өткен шараға Қазақстан тарапынан Нұр-Мүбарак университетінің PhD докторы Құрманғазы Садыбаев пен Әл-Фараби университетінің PhD докторы Ықтияр Палтөре қатысты.

Одан өзге аталған вебинарға қатысушылардың ішінде Мысыр елінің білікті тіл мамандары мен әдебиетшілер және оқу-ағарту ісіндегі қайраткерлері де болды.

Кемеңгер тұлғаның 175 жылдығына орай Қ.Садыбаевтың тәржімалауымен ақынның өлеңдері мен поэмалар жинағы, ал қара сөздері Ы.Палтөренің аударуымен араб тілінде оқырманға ұсынылады, - делінген хабарламада.

Кітап Біріккен Араб елдері лигасы мен Қазақстандағы Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қорының жетекшілгімен жақын күндері жарық көреді.

Еске салсақ, Абайдың шығармаларын әлемнің он тіліне аудару ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұлы қазақ ақыны және ойшылының 175 жылдығына орай жүзеге асырылды.

Өзгелердің жаңалығы