Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мысырдың Луксор қаласында ағаштан жасалған отыз шақты саркофаг табылды, деп хабарлайды 24.kz.
Бұл – жүз жыл ішінде табылған ең ірі олжа. Саркофагтар Ніл өзенінің батыс жағалауындағы Эль-Ассасиф қорымында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде анықталған.Археологтардың айтуынша, оюлы әрі боялған саркофагтар осыдан шамамен 3 мың жыл бұрын жерленген. Болжам бойынша олардың ішінде абыздар мен балалардың мүрдесі жатқан болуы мүмкін.
Ғалымдардың сөзінше, реставрация жұмыстарынан кейін олар Үлкен Мысыр музейіне қойылады.