Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 қыркүйектен бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Мысырға алғашқы рейс ұшады.
14 қыркүйекте алғашқы рейстер ұшады. Әуекомпания аптасына екі рет "Нұр-Сұлтан – Шарм-Эль-Шейх" және "Алматы – Шарм-Эль-Шейх" бағыттары бойынша тікелей ұшуларды бастайды. Рейстерде Қазақстан қалаларымен ыңғайлы түйісу қарастырылған. 2020 жылдың қазан айынан бастап "Шымкент – Шарм-Эль-Шейх" және "Қостанай – Шарм-Эль-Шейх" бағыттары бойынша тікелей рейстер қайта іске қосылады. Туристік пакеттегі турлардың құны орташа есеппен өзгерген жоқ және өткен жылғы ұсыныстар деңгейінде қалды, - деп хабарлады Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.Жолаушылардың назарын келесі ақпаратқа аударғымыз келеді:
Египет Үкіметі Шарм-эль-Шейх және Хургада курорттарына тікелей чартерлік және тұрақты рейстермен келген туристер үшін ПТР тестерінен міндетті түрде өтпестен келуге рұқсат беру туралы шешім қабылдады.
Шарм-эль-Шейхке немесе Хургадаға тікелей рейстермен келген және Мысырда (басқа қалалар мен аймақтарға) жүргісі келетін туристер үшін қозғалыс басталғанға дейін 72 сағаттан кешіктірмей жасалған ағзада вирустың жоқтығын дәлелдейтін COVID-19-ға ПТР тестінің болуы міндетті.
Үшінші елдер немесе қалалар (Каир мен Александрияны қоса алғанда) арқылы транзитпен өтетін жолаушылар үшін 72 сағаттан кешіктірмей жасалған ағзада вирустың жоқтығын дәлелдейтін COVID-19-ға ПТР-тестінің болуы міндетті.