Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің солтүстік және шығыс өңірлері газбен толық қамтылмай отыр.
Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта аталған өңірлерді газдандырудың екі нұсқасы қарастырылған.
Оның бірі - «Сарыарқа» магистральдық газ құбырын жалғастыру болса, екіншісі - Ресей Федерациясынан магистральдық газ құбырларын салу.
Сондай-ақ , министр тұтынушылардың табиғи газға деген өсіп келе жатқан қажеттілігін жабу үшін әртүрлі кезеңдерде газ тасымалдау жүйесін салу жобалары бар екенін атап өтті:
-«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының 2-ші желісін салу.
- «Бейнеу-Жаңаөзен» газ құбырының 2-ші желісін салу
- «Бұхара-Орал» газ құбырынан Ақтөбе қаласына дейін газ бұру құбырының 3-ші желісін салу және тағы басқалары.