Мырзағалиев полигон аумақтарындағы олқылықтарды атады

23 Желтоқсан 2021, 11:19
937
Бөлісу:
Мырзағалиев полигон аумақтарындағы олқылықтарды атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» заң жобасы бойынша дөңгелек үстел барысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.

Оның мәлімдеуінше, полигон жабылғаннан бері бірқатар проблемалық мәселелер анықталған.

Біріншіден, Семей полигонының жері жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы босалқы жерге жатады, бұл бөгде адамдардың іс-әрекеттерін және осы аумақтарда болып жатқан оқиғаларды бақылауды қиындап отыр. Одан бөлек, полигон жері үш облыстың әкімшілік шекараларында орналасқан, бұл да оның аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін шешуді қиындатады. Радиоактивті ластану деңгейіне үздіксіз мониторинг жүргізілмеуі елді мекендерге радиоактивті ластанудың таралуы туралы өзекті деректердің болмауына себеп болып отыр. Екіншіден, тұрғындар полигонның ластанған алаңдарына кедергісіз кіре алады, бұл олардың денсаулығына зиян келтіруі әбден мүмкін, - деді министр өз баяндамасында.

Сонымен қатар Мырзағалиев полигон аумағына кедергісіз кіру радиоактивті қалдықтардың зиянды мақсатта таралу ықтималдығын тудыратынын айтты.

Полигонның нормативтен тыс ластанған жерлерін оңалту және қалпына келтіру жұмыстары іс жүзінде жүргізілмейді. Үшіншіден, полигонның радиоэкологиялық жай-күйінің айқын көрінісі жоқ, тұрақты мониторинг жүргізілмейді, бұл залалданған және таза жерлердің аражігі ажыратылмағандықтан полигон жерін шаруашылық айналымға беруді қиындатады. Нәтижесінде бүгінгі таңда полигонның ықтимал жарамды жерлерінің едәуір бөлігі бос тұр, - дейді Энергетика министрі.

Өзгелердің жаңалығы