Мырзағалиев мұнай өндіру көлемінің артқанын айтты

30 Қараша 2021, 09:51
1035
Бөлісу:
Мырзағалиев мұнай өндіру көлемінің артқанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.

Министр отын-энергетика саласында өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша министрліктің жүргізіп жатқан жұмысымен таныстырды.

Мырзағалиевтің сөзінше, мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту аяқталғаннан кейін өндіру көлемінің өсуі байқалады.

10 айда мұнай өнімдерін өндіру көлемі 11,3 млн тоннаны немесе 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 109% құрады. Мұнай өнімдерін өндірудің 2021 жылға арналған жоспары 13,1 млн тоннаны немесе 2020 жылғы көрсеткіштің 105% құрады, - деді Энергетика министрі.

Сонымен қатар Мырзағалиевтің атап өтуінше, қысқа және орта мерзімді перспективада өндірісті одан әрі арттыру үшін бірқатар іс-шара жоспарланған.
Биыл Ақтау битум зауытында битум өндіру блогын жаңғырту аяқталады. Бұл өндіріс қуатын жылына 400 мың тоннадан 450 мың тоннаға дейін ұлғайтады. Бұдан бөлек, Түркістан облысында жеке инвесторлармен мұнай өңдеу зауыттарын салу бойынша жобалар жүзеге асырылуда. Оларды 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы