Мырзағали Айтжановқа құрмет көрсетілді

Қазақстан бокс федерациясы Еңбек сіңірген жаттықтырушы, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарған Мырзағали Айтжановқа құрмет көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Қазақстан бокс федерациясы 22 Тамыз 2024 2024, 17:48
22 Тамыз 2024 2024, 17:48
988
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстан бокс федерациясы Еңбек сіңірген жаттықтырушы, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарған Мырзағали Айтжановқа құрмет көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мырзағали Айтжановтың иығына шапан жауып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Мырзағали Құланұлының Қазақстан боксына сіңген еңбегі зор. Бүгінгі күнге дейін былғары қолғап шеберлерін дайындауда төккен маңдай терді бағалаймыз және сізге алғыс айтамыз, - Бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп.

Айта кетейік, Париж олимпиадасынан кейін бас бапкер қызметінен босатылған еді.

Наверх