Мыңнан астам адам жүргізуші куәлігін сатып алған: ІІМ мәлімдеме жасады

3 Қараша 2021, 15:55
947
Бөлісу:
Мыңнан астам адам жүргізуші куәлігін сатып алған: ІІМ мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше BAQ.KZ ақпарат агенттігі Ақмола және Қостанай облыстарының мамандандырылған ХҚКО-ларында мыңнан астам адамның жүргізуші куәлігін сатып алғаны туралы ақпарат жариялаған болатын. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасады.

Екі жылдан астам уақыттан бері полиция жүргізушілікке үміткерлерден теориялық және практикалық емтихандарды қабылдауға қатыспайды. Полиция қызметкерлері ведомстволық есепке алу бойынша жүргізуші куәлігін алуға үміткерлерді жүргізуші куәлігінен айыру және басқа да мәлімет алу тұрғысынан ғана тексеруді жүзеге асырады, – делінген мәлімдемеде.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, бұл жүргізуші куәліктерін беру кезінде азаматтардың полициямен байланысын азайту және сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау үшін жасалды. 

Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы үш жылда сыбайлас жемқорлық қылмыстар саны 43%-ға төмендеді. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері азаматтардың орнына жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсырған мамандандырылған ХҚКО қызметкерлерін анықтады. Емтиханды сәтті тапсыру үшін арнайы дайындалған басқа адамдар тартылған. Заңсыз іспен айналысқан күдіктілерден Жол қозғалысы ережелері бойынша емтиханнан сәтті өтті деген жалған анықтамалар тәркіленді. 

Жол ережесін білмейтін жүргізушілер азаматтарға айтарлықтай қауіп төндіреді. Сондықтан көлік тізгініне отырғысы келетіндер оларға жүктелетін жауапкершілікті сезінуі керек. Азаматтардан жолдарда сақ болып, жол ережесін қатаң сақтауды сұраймыз, – деді полицияда.


Өзгелердің жаңалығы