Мыңдаған оқушы судағы қауіпсіздік ережелерін меңгереді

18 Шілде 2024, 12:25
481
Бөлісу:
Мыңдаған оқушы судағы қауіпсіздік ережелерін меңгереді
Фото: Павлодар облыстық білім беру басқармасы

Павлодар обалысында төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мұрындық болуымен «Бақытты балалық шақ» атты жазғы қауіпсіздік мектебі жұмысын жалғастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қыдыржан Наскеновтың айтуынша, жазғы мектеп аясында мектеп оқушылары қауіпсіздік ережелері туралы біліп, жүзуге үйренеді. Сонымен қатар суда зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсетуді меңгеру мүмкіндігіне ие.

Балаларды жүзегу үйрету үшін облыс аумағында 120-дан астам каркасты-модульді бассейн бар. Олардың санын арттыру көзделген. Жалпы, осы уақытқа дейін 5 мыңнан астам оқушы жүзуге үйретілді. «Бақытты балалық шақ» мектебінің сабақтары орталық жағажайда ұйымдастырылады. Өйткені, бұл – өңірдегі ең ірі шомылу орны, - дейді Қыдыржан Наскенов.

Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтеншеліктер мен білім беру басқармасының өкілдері демалыс лагерьлерін аралап, ақпараттық жұмысты күшеейтті. Жазғы уақытта балалар арасында қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін арнайы топ құрылды. Жуырда топ мүшелері қала сыртындағы лагерьлерде болып, жеткіншектермен «Қауіпсіз терезе», «Судағы қауіпсіздік», «Өрт қауіпсіздігін сақтау» тақырыптары бойынша сабақтар өткізілді. Профилактикалық шараларға 150 ұл-қыз бен лагерь ұжымдары қатысты.

Айта кетейік, облыста «Жас құтқарушы» атты жарыстар өтеді. Жарыс балаларды өмір қауіпсіздігі мәселелеріне, өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету дағдыларына үйрету, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету мақсаттарын көздейді.

Облыста шомылу маусымы басталғалы адам суға 8 адам батып кетті. Олардың екеуі – бала.

Өзгелердің жаңалығы