Мыңдаған мигрант Мексикадан АҚШ шекарасына қарай бағыт алды. Олардың дені – әйелдер мен балалар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Рейтер агенттігінің мәліметі бойынша, босқындар көші Мексиканың солтүстік шекарасынан басталған.
Полиция мен Ұлттық гвардия олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мигранттар АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп қызметіне кіріскенге дейін шекарадан өтуге ниетті. Жаңа президент таққа отырса, Америкаға өту шектеле ме деп қауіптенеді. Бұған дейін Трамп заңсыз көші-қонға қарсы жарлыққа қол қоятынын мәлімдеген еді. Егер Трамптың бастамасы іске асса, шамамен 20 млн босқын Америкадан қуылуы мүмкін.