Мына сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймын. Назарбаева Маминге 3 нақты сауал қойды

16 Маусым 2021, 11:34
6513
Бөлісу:
Мына сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймын. Назарбаева Маминге 3 нақты сауал қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Дариға Назарбаева жекеменшік балабақшалар мұғалімдерінің жалақы деңгейіне байланысты Үкімет басшысы Асқар Маминге сауал жолдады.

Жекеменшік балабақшалар мұғалімдерінің жалақы деңгейіне байланысты тағы да сізге жүгініп отырмын. Биылғы жылдың 10 ақпанында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру, атап айтқанда, оларды қаржыландырудың жеткіліксіздігіне қатысты мәселені көтерді. Сіздің депутаттық сауалға берген жауабыңызға сәйкес, ҚР Үкіметі жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қолдау үшін: салық төлеуден босату; шығындарды жабуға мүмкіндік жасау мақсатында бару фактісінсіз мемлекеттік тапсырысты тапсыру; жалақыға үстемақы төлеу сияқты тиімді шаралар қабылдады, - деді Дариға Назарбаева.

Оның айтуынша, жергілікті бюджет қаражатының жеткіліксіздігі мәселесі бар облыстардың әкімдіктері биылғы жылғы республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуге бюджеттік өтінімдер жіберді. Алайда республикалық бюджеттен тиісті ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінген жоқ.

Сондықтан ол осы айтылғандардың негізінде Үкімет басшысынан мына сұрақтарға жауап беруін сұрады:

1. Неліктен бұл қаржыландыру 2021 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде ескерілмеді? «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» «Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 24 мамырдағы № 44-VII Заңы);

2. Биылғы қаржы жылында Түркістан және Алматы облыстарына қосымша қаражат бөлу көзделіп отыр ма?;

3. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын жан басына нормативтік қаржыландыру үшін ағымдағы нысаналы трансферттерге қажеттілігінің тұрақты мониторингі жүзеге асырылады  ма?

Өзгелердің жаңалығы