Ахмет Байтұрсынұлы өз дәуірінде мектептерді қалай қазақ қыла аламыз? Мазмұнын қалай қазақ балаларына икемдей аламыз деп алаңдаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл пікіріді Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, филология ғылымдарының докторы Дихан Қамзабекұлы айтты.
Тарихымызды ғалым да, даналарда көп. Бірақ ешбірі араб жазуын қазаққа бейімдей алған жоқ. Ахмет Байтұрсынұлы сөйлеген сөзімідегі әрбір дыбыс мен әріпті арабша жазуымен жеткізді. Төте жазуымыздың негізін қалап берді. Бұл мың жылда бір келетін ілім. Өйткені мұны жасау үшін үшін адам миының күші ерекше болуы керек. Еуразия ұлттық университетіндегі Күлтегі ескерткішінде бір дыбысты бір таңбамен белгіленген. Адамзат бір дыбысты бір таңбамен беруі үшін кем дегенде 2 мың жыл жүрген. Көріп отырғанымыздай, Ахаңның қолынан мұндай ұлы іс келген, - деді Дихан Қамзабекұлы «Атадан ұлағат - ұрпаққа аманат» атты кездесуде.
Еске сала кетейік, кеше Дихан Қамзабек Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай жазба жариялаған болатын.
Сондай-ақ Ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының еңбек жолы мен өмірі биыл ерекше назарда. Мейрейтой аясында Ақкөлде Ахмет Байтұрсынұлының ата-анасы жатқан кесенеге топырақ салу рәсімі өтеді.