"Мың бояулы Бурабай" баспасөз сапарының аясында ҚР ПІБ "Ұлттық парктің аға ғылыми қызметкері Евгений Архипов журналистерге фототұзақ орнату әдістерін көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Фототұзақ арқылы жергілікті аң-құстардың санын, өсімін, қай жерлере жиі кездесетінін, жалпы тыныс-тіршілігін зерттейміз. Өздеріңіз көріп тұрғандай, ағаш діңіне 1 метр биікке бекітеміз, сонда бұлан, марал сияқты ірі аңдар ғана емес, сілеусін, сусар сияқты шағын аңдар да кадрға ілінеді, – дейді ғалым.
Оның айтуынша, фототұзаққа кейде табиғат ережесін бұзған адамдар да түсіп қалады екен.
Баспасөз сапары аясында БАҚ өкілдері ҚР Президенті Іс басқармасына қарасты «Бурабай-Даму» ЖШС ұйымдастыруымен өтіп жатқан дәстүрлі «Бурабай тұқы-2023» турнирін тамашалады.
Балықшылар жарысында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген командалар Қотыркөл көлінен тұқы балығын аулап жарысып жатыр.
БАҚ өкілдері «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрылымдық бөлімі саналатын Марал шаруашылығына да барды. Шаруашылықта 200 басқа жуық әсем жануар бар. Барлық бұғы-маралдарға үнемі ветеринарлық бақылау жасалады. Пантотерапия орталығына қажетті емдік өнім алынады.