Кезекті 4-рет өткізілетін байқаудың жеңімпаздары Қазақстандағы үздік мамандандырылған оқу ордаларына тегін түсе алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Биыл бұл мүмкіндік 6-шы сынып оқушыларына беріліп отыр. Құжаттар наурыз айының 30-на дейін қабылданады. Олимпиада 2 кезеңнен тұрады. Басында үміткерлер онлайн форматтағы тестілеуден өтуі тиіс. Ол сәуірдің 3-і мен 7-сі аралығында ұйымдастырылады.
Мұнда оқушылардың логикалық ойлау қабілеті тексеріледі. Сынақтан сүрінбегендер екінші кезеңге қатысады. Яғни олар математика, орыс тілі, қазақ тілі, ағылшын және жаратылыстану пәндері бойынша тапсырамалар орындайды. Жалпы, 2020-сыншы жылдан бері бұл сайысқа 600 мыңға жуық жасөспірім қатысқан.
Олардың 960-сы қазір дарынды балаларға арналған мектептерде білім алып жатыр.
Биыл тек 6-кластың балалары ғана тапсыра алады. Былтыр 5-6 болса, биыл тек 6-шы класс. Мамандандырылған мектепке қабылданатындарға 10 проценттік квота бар. Еш конкурссыз қабылдаймыз. Ауылдық мектепте оқып жүрген баланы бірден қаладағы дарынды балаларға арналған мектепке түсіріп, әрі қарай соларға білім алуға тегін мүмкіндік беріледі, - деді "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Нұрлан Жұмагелді.