Мьянмадағы жер сілкінісінен 2000-нан астам адам қаза тапты

Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2000 адамнан асты, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.

 REUTERS/Athit Perawongmetha 31 Наурыз 2025 2025, 21:46
31 Наурыз 2025 2025, 21:46
1067
Фото: REUTERS/Athit Perawongmetha

Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2000 адамнан асты, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ 4000-дай адам жараланып, жүздеген адам хабар-ошарсыз кеткен.

Магнитудасы 7,7 балды құраған жер сілкінісінің эпиошағы азаматтық соғыс, гуманитарлық дағдарыс болып жатқан Мандалайдың жанында екендігі айтылуда. Үйлер құлап, жолдар мен ауруханалар қирады.

Гуманитарлық ұйымдар аштық, түрлі аурудың жаппай өршуі мен муссон маусымы алдында халық паналайтын орынның болмау қаупін ескертіп отыр.

Көмек жеткізуді бүлінген жолдар, байланыстың үзілуі, электр жарығының өшіп қалуы мен техниканың жеткіліксіздігі қиындатты.

Наверх