Мьянмада болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3689 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ China Daily-ге сілтеме жасап.
Сондай-ақ, 5020 адам түрлі деңгейде жарақат алған. Тағы 139 адам хабар-ошарсыз кеткен деп есептелуде.
Бұған дейін, 28 наурызда, Мьянмада магнитудасы 7,7 және 6,4 болатын екі жер сілкінісі тіркелген еді. Жерасты дүмпулері Мандалай қаласынан солтүстік-батысқа қарай шамамен 31 шақырым жерде орын алған.
Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, 11 сәуірде аймақта тағы бір – 4,8 баллдық жер сілкінісі болған. Қазіргі уақытта оның зардаптары туралы нақты ақпарат жоқ.
Оқи отырыңыз: