Мьянмада 2025 жылғы көппартиялы, демократиялық жалпыұлттық сайлау басталды. Оның алғашқы кезеңі жексенбі күні өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.
Сайлау үш кезеңде ұйымдастырылады. Екінші кезең 2026 жылғы 11 қаңтарға, ал үшінші кезең 25 қаңтарға жоспарланған.
Дауыс беру ел аумағындағы 692 сайлау округінде өтеді. 57 саяси партиядан шамамен 5 мыңға жуық үміткер Одақ ассамблеясының (парламенттің) екі палатасына — Халық өкілдері жиналысына (төменгі палата), Ұлттар жиналысына (жоғарғы палата), сондай-ақ өңірлік заң шығарушы органдарға депутаттық орындар үшін бәсекеге түсіп отыр.
Сайлау нәтижесінде жаңа парламент құрамы айқындалады. Кейін ол жаңа президентті сайлайды, ал мемлекет басшысы өз кезегінде жаңа үкіметті қалыптастырады.
Сайлау комиссиясының мәліметінше, жалпыұлттық сайлауды өткізу үшін ел бойынша барлығы 21 517 сайлау учаскесі ұйымдастырылған.
Мьянмадағы соңғы жалпыұлттық сайлау 2020 жылғы қараша айында өткен.