Мьянмада театр әртістері мінген автобус шатқалға құлап, 12 адам қаза тапты

28 қаңтар күні Мьянмада жолаушылар мінген автобус терең шатқалға құлады. Оқиға салдарынан кемінде 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 pixabay.com 29 Қаңтар 2026, 03:35
29 Қаңтар 2026, 03:35
606
Фото: pixabay.com

28 қаңтар күні Мьянмада жолаушылар мінген автобус терең шатқалға құлады. Оқиға салдарынан кемінде 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Синьхуа" агенттігінің мәліметінше, автобус ішінде шамамен 27 театр труппасының мүшесі болған. Апат Мьянманың Магуэ өңірінде болған.

Қазіргі уақытта өзге жолаушылардың жағдайы мен жарақат алғандар саны туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Наверх