Мұзға түсіп кетпес үшін нені білу керек? – Құтқарушылар кеңесі

24 Қараша 2021, 17:25
2316
Бөлісу:
Мұзға түсіп кетпес үшін нені білу керек? – Құтқарушылар кеңесі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қыста мұздың қалыңдығы күн сайын есептеледі. Мұз қату кезеңінде елордада Төтенше жағдайлар департаменті әкімдікпен бірлесіп 111 тыйым салу белгісін орнатты. 

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Рәтбек Демеуберген мәлім етті.

Маманның айтуынша,  күзден бері халық арасында қауіпсіздік шарасын түсіндіру жұмысының жүргізілген. Мұздың қалыңдығы күн сайын есептеледі.  

Мұздың беріктігін қазіргі таңда Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері күнде есептейді. Оның қалыңдығын 112 номері арқылы хабарласып, біле аласыздар. Оны білу үшін ең алдымен судың ағысын есептеу керек, екіншіден қанша күн бойы ауа райы салқын болғанын анықтау қажет, – деді басқарма басшысы.   
Жұқа мұзда қиындықтар болмас үшін нені білу керек?

- бір адам үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы 7 см-ден кем болмауы керек; 

- мұз айдынын салу үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы 12 см және одан астам;

- жаяу өткелді жасау үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы 15 см және одан астам; 

- автомобильдердің өтуі үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы кемінде 30 см болуы қажет.

Айта кетерлігі, берік мұз жасыл немесе көкшіл реңді мөлдір болады. Сондай-ақ қарсыз ашық кеңістікте мұз әрқашан қалың болады. Ал жұқа мұздың түсі сүтті-бұлтты, сұр мұз, әдетте үлпілдек әрі сынғыш, мұндай мұз ескертусіз жарылып кетеді. Қармен жабылған мұз, жылдам ағыстағы, терең және жел үшін ашық жерлердегі мұз, көлеңкелі және шымтезек түбінің үстіндегі, батпақты жағалаулардағы, су асты кілттері шығатын жерлердегі, көпірлердің астындағы мұз жұқа болып келеді. 

Мас күйінде мұзға шығуға, секіруге және мұз үстімен жүгіруге, бір нүктеде көп адамдар жиналуға, жылдам ағыспен өзендерде пайда болған жұқа мұзға шығуға тыйым салынады.

Өзгелердің жаңалығы