Ыстықкөл және мұздықтар: Қырғызстанның жаңа эко-бастамасы нені өзгертеді?

Қырғызстанда мұздықтарды сақтау және Ыстықкөл экожүйесін қорғау қоры құрылады

11 Қыркүйек 2026, 17:13
АВТОР
 ©BAQ.KZ/Айым Серікбайқызы 11 Қыркүйек 2026, 17:13
11 Қыркүйек 2026, 17:13
88
Фото: ©BAQ.KZ/Айым Серікбайқызы

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров мұздықтарды және Ыстықкөл экожүйесін сақтау жөніндегі қосымша шаралар туралы жарлыққа қол қойды. Соған сәйкес республикада тиісті экологиялық жобаларды қаржыландыру үшін арнайы қор құрылады, деп хабарлады АКИpress.

Құжатта қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарын ұтымды пайдалану және климаттың өзгеруіне бейімделу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталғаны аталып өтеді. Жарлықта мұздықтардың негізгі су көзі ретінде стратегиялық маңызы бар екені айтылған. Сондай-ақ Ыстықкөл экожүйесін ұлттық және әлемдік деңгейдегі нысан ретінде сақтау қажеттілігі баса көрсетілген. 

Жаңадан құрылатын қордың негізгі міндеттері айқындалды. Олардың қатарында:

- халықаралық қаржыландыруды, климаттық қорлар мен донорлық ұйымдардың қаражатын тарту;

- мұздықтар мен су ресурстарын сақтау жөніндегі жобаларды қаржыландыру;

- су үнемдеу технологияларын енгізу;

- су ресурстарының жағдайына мониторинг жасау бар.

Сонымен қатар, қор климаттың өзгеруіне бейімделу, мұздықтардың деградациясын бәсеңдету, төтенше жағдайлар қаупін азайту және тау мен су экожүйелерінің орнықтылығын қамтамасыз ету жобаларына жәрдемдесетін болады.

Республика үкіметіне ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін қордың ұйымдық-құқықтық нысанын, оны құру және қызмет ету тәртібін, жобаларды іріктеу мен қаржыландыру тетіктерін, сондай-ақ ашықтық, есептілік және аудит талаптарын айқындау тапсырылды.

Қордың жұмысын үйлестіруді Қырғызстанның Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрлігі жүзеге асырады.

Өзге де ведомстволарға жекелеген жауапкершілік аймақтары бекітілді.

Мәселен, мұздықтарды сақтау және қорғау мәселелерін Төтенше жағдайлар министрлігі, ал Ыстықкөлді қорғау мәселелерін Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрлігі кураторлық етеді.

Еске салайық, бұған дейін Қырғызгидромет дабыл қағып, Ыстықкөл мұздықтары соңғы жылдары күрт азайғанын хабарлаған болатын. 

Тағы оқи отырыңыз:

«Бішкек Арена» 60 миллион долларға салынды деген ақпарат жалған – ресми дереккөз

Қырғызстандағы Ташиев ісі: Сот айыптау үкімін өзгертті

Наверх