Мұздың үстінде қалып қойған: Жамбылда балықшылар құтқарылды

ТЖМ қызметкерлері бес балықшыны құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

 Арман Мухатов  -архив 19 Ақпан 2025 2025, 03:21
19 Ақпан 2025 2025, 03:21
632
Фото: -архив

ТЖМ қызметкерлері бес балықшыны құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Теріс-Ащыбұлақ су қоймасында бес балықшы айдын еруінің салдарынан жағадан бөлініп қалған мұздың үстінде қалып қойған.

Оқиға орнына жедел келіп жеткен ТЖМ құтқарушылары құтқару тақтасының көмегімен барлық зардап шеккендерді қауіпсіз түрде жағаға шығарды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі жұқа мұзға шығу – өмірге қауіпті екендігін ескертеді.

Наверх