Көшербаев Мұстай Кәрімнің 100 жылдығына қатысты

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Башқұртстанның халық жазушысы Мұстай Кәрімнің 100 жылдығына арналған іс-шараға қатысты.</h4> <br>

 21 Қазан 2019 2019, 11:02
21 Қазан 2019 2019, 11:02
2914

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Башқұртстанның халық жазушысы Мұстай Кәрімнің 100 жылдығына арналған іс-шараға қатысты.

Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Уфа қаласында өткен Башқұртстанның халық жазушысы Мұстай Кәрімнің 100 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

"Мемлекеттік хатшы Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көрнекті жазушының жүзжылдық мерейтойына арнаған құттықтауын оқып, ықыласын жеткізді", - делінген хабарламада.


Наверх