Мұстафина Президент Архивінің директоры лауазымына тағайындалды

18 Ақпан 2022, 10:16
897
Бөлісу:
Мұстафина Президент Архивінің директоры лауазымына тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлия Мұстафина Президент Архиві директоры лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Әлия Құсайынқызы Мұстафина Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының өкімімен Жәмила Юсупжанқызы Әбдіқадырова Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры лауазымынан босатылды.

 

Өзгелердің жаңалығы