Мусин «Видео ХҚКО» жобасын түсіндірді

28 Маусым 2022, 09:36
1394
Бөлісу:
Мусин «Видео ХҚКО» жобасын түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі таңда азаматтарға 18 құжат өзге цифрлық платформаларда қолжетімді.

Бұны Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин  айтты.

Олар Kaspi, Хоум банк және т.б. Осы жылдың соңына  дейін біз ең танымал 20 мемлекеттік қызметті сыртқы платформаларға шығаруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, SMS арқылы заңсыз тіркелу мәселесін шештік. Байланыс орталығының күту уақытын 5 минуттан 20 секундқа дейін қысқарттық, -деді министр.

Бағдат Мусиннің атап өтуінше, азаматтарды құжаттандыру бойынша адами факторсыз ұсынылатын, жаңа перспективалық жобаны іске асырлып жатыр. 

Егер бүгінгі таңда орташа есеппен 20-30 минут кетсе, терминалдарды орнатқан кезде, процесс 5-10 минутқа дейін қысқарады, -деді ол.

Министр «Видео ХҚКО» жобасы бойынша түсінік берді.

Бұл азаматтарға кеңес алудан бөлек,  ХҚКО-на жүгінбей-ақ қызметті қашықтан алуға мүмкіндік береді. Осы тәсіл арқылы 13 қызмет қолжетімді, ал жылдың соңына дейін 63 қызметке дейін өседі. Осыған орай, министрлік меморгандармен бірлесіп, 2025 жылға дейін азаматтарға консультация және қызмет көрсетуді осы «Видео ХҚКО» тәсілі арқылы ұсынуды жоспарлап отырмыз. Біз ХҚКО-дарда QR арқылы БАЖ-дарды төлеу мүмкіндігін енгіздік. Нәтижесінде, 5 ай ішінде азаматтардың қаражаты 205 млн теңгеге үнемделді. Айтатын жәйт, барлық БАЖ-ды QR арқылы төлеуге өткізген жөн. Өз кезегінде бұл азаматтардың қаражатын үнемдеумен қатар, көлеңкелі экономиканы жоюға тағы бір қадам жасауға мүмкіндік береді,  - деді Бағдат Мусин.

Өзгелердің жаңалығы