Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын таныстырды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография және кеңістіктік деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы туралы да айтты.
Қолданыстағы «Геодезия және картография» туралы заңы 2002 жылы қабылданды. 20 жылдық кезеңде геодезия және картография саласында үлкен өзгерістер болды. Кеңістік деректердің дәлдігіне, өлшеу тиімділігіне деген талаптар өсті. Осы орайда заңда жаңа редакцияда және ілеспе заңда олқылықтарды жою мақсатында қабылдау мақсаты туындады. Геодезия және картография саласының жағдайы мемлекеттегі кадастр мен жер мүлік қатынастарының сапасына тікелей әсер етуі өте маңызды. Демек әрбір азаматтың мүддесін қорғайды. Халықтың көпшілігі геодезия ғылымымен таныс емес. Бірақ айналамыздағы жағдайлардың барлығы адам өмірі мен ел үшін маңыздылығы туралы мысалдарға толы, - деді Мусин.
Ол атағандай, біз тұратын, жұмыс істейтін ғимараттарды, жүретін көпірлерді жобалау кезіндегі қателіктерді жою, ұшақтардың ұшуы мен қонуы кедергілерін анықтау геодезиялық өлшемдердің дәлдігіне байланысты.
Заң жобаларының негізігі міндеттері – жоғары дәлдікті геодезиялық координаттар жүйесімен қамтамасыз ету және оның негізінде бірыңғай цифрлық картографиялық негізін құру. Қазіргі уақытта Қазақстанда Кеңес одағынан қалған, ескірген және дәлдігі мен тиімділігі бүгінгі күнгі талаптарға жауап бермейтін 1942 жылғы СК-42 мемлекеттік координаттар жүйесі орнатылды. ТМД елдерінің барлығы өздерінің мемлекеттік координаттар жүйесін енгізді. Қазақстанда бірыңғай мемлекеттік координаттардың жүйесінің ашық болмауы, шектеу белгісі бар деректерді пайдалануға жол бермей үшін субъектерілердің құпия емес, заңды емес координаттар жүйесін қолдаунға әкелді, - деді ол.
Министр атағандай, нақты жедел әрі өзекті ақпаратты тиімді пайдалану үшін бір платформада бірыңғай форматта және бірыңғай талаптар бойынша ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру заң жобасына жаңа толықтыру болып есептеледі.