Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.
Оның айтуынша, отандық IT-жобалар (Cerebra, ApartX, JET, Parqour, iDosGames, Connected Home, OneVision, Logizi т.б.) өз шешімдерін түркиялық венчурлық қорлардың назарына ұсынған.
Түркияда министрлік өкілдерімен ғана емес, Bilişim Vadisi компаниясында да жемісті кездесу өткіздік. Bilişim Vadisi - бұл 3 миллион шаршы метрді құрайтын технопарк, онда түрік әріптестер өздерінің IT-жобаларын көрсетті, ал біздің стартаптар түрік әріптестеріміздің және венчурлік қорлар өкілдерінің назарына ұсынылды. Енді біздің стартаптардың түрік питч-сессияларына және акселерация бағдарламасына қатысуға мүмкіндігі бар, - деді министр Facebook-тегі жазбасында.
Сондай-ақ ол сапар аясында қазақ-түрік стартаптарын дамыту мақсатында Қазақстан мен Түркияның бірлескен венчурлық қорын құру мәселесі де талқыланды.
Айтпақшы, қыркүйек айында біз дәстүрлі Digital Bridge форумында түрік IT-компанияларын күтеміз. Оларға нәтижелі кездесулер мен біздің стартаптарды тұрақты түрде қабылдауға ықылас танытқандары үшін алғыс білдіремін, - деді Бағдат Мусин.