Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында Әділет министрі Қанат Мусин «Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктері туралы» айтып берді.
Министр Мемлекет басшысының саяси партиялардағы мүшелігіне оның президенттік кезеңінде тыйым салуды белгілеу мәселесін түсіндіріп берді.
Осылайша мемлекеттік аппаратты партиялық құрылымдармен біріктіру мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл тыйымның алғышарты кезекті съезд барысында Amanat партиясының төраға қызметінен кету ниеті туралы Президенттің мәлімдемесінен болды, - дейді Қанат Мусин ОКҚ-да.
Оның мәліметінше, мұндай тыйым Орталық сайлау комиссиясының, Есеп комитетінің және Конституциялық кеңестің төрағалары мен мүшелеріне, әкімдер мен олардың орынбасарларына да қатысты болады.
Бұл жаңалық барлық мемлекеттік аппараттың жұмысына өз әсерін тигізеді, саяси бәсекелестікті арттыруға ықпал етеді және барлық партияның дамуы үшін тең жағдай жасайды, - деп атап өтті Әділет министрі брифингте.