Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Астанадағы митинг кезінде не себепті интернеттің нашарлап кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сол күні кешкі сағат тоғыз шамасында Мемлекеттік техникалық қызметі тиісті ақпаратты берген болатын. Олар тиісті интернет шлюзді қадағалайды. Сол интернет шлюзге берілетін электр қуаты жүйелерінде ақау болған. Осының салдарынан интернет шлюздің жұмысы тоқтап қалды. Электр жабдықтары іске қосылған соң интернет қайтадан қосылды, - деді Бағдат Мусин Сенат отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында.
Журналис «сонда митинг болған күнмен тұспа тұс келіп отыр ғой?» деп сұрады.
Енді солай болып қалса не істейміз, - деп жауап берді Цифрлық даму министрі.
Еске сала кетейік, 26 қараша кешке қарай бір сағат шамасында интернет жылдамдығы азайған болатын.
Оқи отырыңыз: