Мусин кибершабуылға төтеп беру үшін не істеу керегін айтты

1 Қараша 2022, 12:43
1513
Бөлісу:
Мусин кибершабуылға төтеп беру үшін не істеу керегін айтты

Кейінгі кезде интернеттің нашарлап кету себебі неде? Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жауап берді.

Өздеріңіз білесіздер,  тек мемлекеттік инфрақұрылымға емес, еліміздің бүкіл жүйелеріне кибершабуылдар күшейгенін айтқан едік. Бізде арнайы мемлекеттік техникалық ұйым бар. Олар оның салдарын зеттеп, қайта шабуыл болған кезде төтеп беру үшін тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Мониторинг жүйесі күшейтіліп, шабуылдың қайдан келіп жатқанын зерттеу үшін арнайы жұмыстар жүргізілуде, - деді ол Үкімет отырысынан соң.

Айтуынша, кибершабуылға төтеп беру үшін жағдайымды түзеуміз керек.

Сондықтан түзету кезінде біршама ақаулық болуы мүмкін. Оған қоса, бұл еліміздің бүкіл саласындағы инфрақұрылымдарды сақтап қалу үшін жасалып жатқан шаралар. Олардың кейбірі бізге белгілі болмауы мүмкін, - деді Цифрлық даму министрі. 

Өзгелердің жаңалығы