Мусин HUAWEI-мен келісім жасады

28 Қазан 2021, 21:36
44325
Бөлісу:
Мусин HUAWEI-мен келісім жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы технологиялар, бизнес және креативті экономикаға арналған Digital bridge халықаралық форумы аясында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен HUAWEI арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Бұл құжат ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша серіктестікке, соның ішінде экономика саласын цифрландыру үрдісін күшейтуге, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және еліміздің ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыруға бағытталған.

Меморандум мынадай бағыттарды қамтиды:

  • Елімізде, әсіресе шалғай ауылдар үшін аса жылдам әрі қолжетімді ұлттық кеңжолақты желі жасау, сондай-ақ экономика салаларын цифрландыру үшін платформалық шешімдер мен жаңа буынның байланысын енгізуді жылдамдату мақсатында біріге жұмыс істеу;
  • Жаңа технологиялар мен шешімдер арқылы Цифрлық жібек жолының коммуникациялық инфрақұрылымын бірігіп дамыту;
  • Білім беру қызметі, соның ішінде білім модульдері, АКТ саласындағы таланттарды дамыту бағдарламалары, ғылыми кеңес пен мамандарды оқыту бойынша тәжірибе алмасу;
  • Компания тәжірибесі негізінде Қазақстанның ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту бойынша зерттеулерді бірге жүргізу.

Бұл меморандум 5G, Smart City, IoT және Индустрия 4.0, ІТ-саладағы адами капиталдың сапасын көтеру және т.б. салалар бойынша серіктестіктің бастауы болмақ, әсіресе «Цифрландыру, инновациялар және ғылым есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын жүзеге асыру барысында маңыздылығы айқындала түспек, - деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Келісім жайлы СЕО Huawei Technologies Kazakhstan Чжан Цинго өз ойын айтты.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы серіктестік экономикалық өсімге, бизнестің халықаралық бәсекелестігін арттыруға және адами капиталды дамытуға әсер етіп, елдің ішкі және сыртқы нарығын нығайтады. Huawei компаниясы жаңа буын байланысын жылдам таратып, экономика салаларын цифрландыруға арналған платформалық шешімдерді жедел енгізу үшін өз сараптамасын, халықаралық тәжірибесін және жоғары технологияларын ұсынуға дайын, - деді ол.

Өзара түсіністік туралы меморандум ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым механизмдерін жетілдіруге, елдегі телекоммуникация және экономика саласын дамытуға жол ашып, ҚР цифрлық экономикасын дамыту мақсатындағы ғылыми зерттеулер үшін деректер алмасуға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы