Мусин: Бәсеке бар жерде - даму бар

22 Желтоқсан 2022, 12:40
1312
Бөлісу:
Мусин: Бәсеке бар жерде - даму бар

Отандық қызмет көрсету саласы – бәсекеге қабілетті болуға қауқарлы. Бұл туралы  әлеуметтік желідегі парақшасында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жазды.

Мысал ретінде, отандық жолаушылар тасымалымен айналысатын «Aparu» компаниясына тоқталып өтсем. Aparu – еліміздің Өскемен қаласында 10 жыл бойы такси қызметін табысты жүзеге асырып келе жатқан компания. Ерке Ертістің жағасындағы Өскемендіктер арасында сұранысқа және танымалдылыққа ие сервис. Сапа жағынан да қала тұрғындарының көңілінен шыға білген, - деп жазды ол.

Соңғы жылдары Аparu  такси қызметі күніне 50 мыңға жуық тапсырысты қабылдаған.  

Кеше  аталған компанияның жетекшісі Ерлан Шаяхметовпен кездестім. Кездесу барысында оның мақсат-міндеттерін, сервисті одан әрі дамыту мәселелерін талқыладық. Олардың басқа қалалардың нарығына да шығу жолдарын қарастыратын боламыз. Aparu - ЯндексGo, Uber сияқты алыптарға бәсекелестік орнатып, қанатын кеңге жаятынына сенімдімін. Бәсеке бар жерде - даму бар. Біз өз тарапымыздан қазақстандық компанияларды қолдауға және оларды одан әрі дамытуға ынталандыруға тырысамыз, - деп жазды Бағдат Мусин.

Өзгелердің жаңалығы