Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Digital Almaty 2021– цифрлық қайта жаңғыру: жаңа жағдайға серпіліс» форумы аясындағы «GovTech және үздік сервистер» пленарлық сессиясына қатысты.
Ведомство басшысы Қазақстан еліміздің IT-ландшафтын құру жөніндегі платформалық модельге өтуі керек екендігін атап өтті.
Платформалық модель дегеніміз - қандай да бір бизнес-процесті автоматтандыру барысында проблемаларға тап болмаймыз. Бұл оңай, құжаттарға қол қоймастан және бірнеше қызметтермен біріктірілместен болуы керек. Біз бизнес-процестердің нақты архитектурасы болатын жүйе ережелері мен мемлекеттің белгілі бір платформасын жасағымыз келеді. Автоматтандыру қызметі алты айға созылмауы үшін тек бір айда жасалуын қарастырудамыз. Сол себепті, ағымдағы кезеңде архитектураны әзірлеп жатырмыз және нарықтан сарапшыларды тартатын боламыз, оған отандық IT-компаниялар қатысатын болады. IT-компаниялар өз қызметтерін осы платформа арқылы мемлекетке сататын болады, - деді Бағдат Мусин.
Бұдан басқа, Министр Қазақстанға IT саласындағы кадрлық мәселені шешу керектігін айтты.
Бүгінде Қазақстан IT-өнімдерін экспорттауда басқа елдерден артта қалуда. Себебі, адами капиталдың жетіспеушілігі бар. Жыл сайын Қазақстанда 20 000 IT-маман оқу орнында білімін аяқтайды, бірақ бұл тек статистика ғана. Сондықтан IT-нарығы үшін біз Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, гранттық бағдарламаларды IT-мектептер жағына қарай қайта құрып жатырмыз, - деді Бағдат Мусин.
Сондай - ақ, Министрлік басшысы өңірлерде IT-мектептер ашу жоспарланып отырғанын айтты.
Сонымен қатар, пленарлық сессияға ХҚО басқарушысы және ҚР СЖРА төрағасы Қайрат Келімбетов, BI.Zone директоры Дмитрий Самарцев, Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе, IDC вице-президенті Андрей Беклемишев, ЕАДБ Басқарма төрағасының орынбасары Тигран Саркисян, Re-State қорының бас директоры Анастасия Калинина, DeltaWorks негізін қалаушы Дэниел Сили және БҰҰ АТМЭӘК АКТ және апаттар қаупін азайту департаментінің директоры Титиана Бонопаче қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласында жаһандық және өңірлік цифрлық күн тәртібін, сын-тегеуріндерді, цифрландыру саласындағы шешімдер мен саясатты қалыптастыру және талқылау үшін негізгі алаңдардың бірі – «Digital Almaty 2021» форумы өтуде. Биылғы жылғы форум біріккен форматта, сондай-ақ, іс-шаралардың басым бөлігі онлайн түрде өткізілуде.