Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.
Алматыда MOST Hub Almaty ұйымы алаңында Алматы қаласының IT-кеңесін өткіздік. MOST Hub Almaty- бұл технология саласындағы кәсіпкерлерді қолдайтын бизнес-инкубатор.Кеңес барысында бірқатар белсенділер Алматы қаласының экологияның проблемаларын шешуде, азаматтардың өмірін жақсартуда цифрландыру шешімдерін пайдалану маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, Цифрлық даму министрлігі қоғамдық кеңесінің Алматылық мүшелері қаланы дамытуда белсенділік танытып, Министрліктің де маңызды цифрлық бастамаларына да өздерінің үлесін қосып жүргенін атап өткім келеді, - деді министр Facebook-тегі жазбасында.
Ол іс-шарада қаланың IT-көшбасшыларымен ақпараттық технологиялар және телекоммуникация бағытын дамыту, білім беру мен денсаулық сақтау саласын цифрландыру мәселелері талқыланғанын айтты.
Цифрлық трансформация-бұл бір жеке бағытты ғана емес, бар саланы қамтитын механизм. Себебі цифрландырусыз, ертең бірде-бір кәсіпорын, бірде-бір мемлекеттік ұйым заманауи даму жолында өз жұмысын алға жетелей алмайды, -деді Бағдаи Мусин.
Оның айтуынша, IT нарықтағы мәселелерден тұрақты түрде хабардар болу және өңірлерде туындайтын проблемаларды ескеру мен үшін өте маңызды.
Мәселен, TechnoWomen қауымдастығының өкілдерімен Fintech ұйымына қатысты мәселелер талқыланды, ал автоматтандыру және робототехника қауымдастығы менторлық бастамаларының жетістігімен бөлісті, осының аясында тәжірибелі инженерлер жас әріптестерімен тәжірибе алмасып, қызметтік мансаптарында табысұа жетуге мүмкіндік алды. Мұндай бастамаларды бүкіл ел бойынша кеңінен тарату қажет. Бұл тек жекелеген мысалдар, Алматылық IT мамандар көптеген маңызды маңызды ойларымен бөлісті. Олардың идеяларын біз назарға алдық, бірлесіп айтылған дүниелерді бірлесе іске асыруды бастаймыз! -деді Цифрлық даму министрі.