Алматыдағы әуежайда кепілге алынған қызметкерді құтқарып, елге ерлігімен танылған Мұса Әбдірайым Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) бейбітшілік елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы WBC ұйымының президенті Хосе Сулейман әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Хосе Сулейман Мұса Әбдірайыммен телефон арқылы сөйлесіп, оның іс-әрекетіне, батылдығына тәнті болған. Сөйтіп, оны ресми түрде ұйымның бейбітшілік елшісі деп жариялады.
Онымен қатар тұрғанымды мақтан тұтамын. Спорт үшін ғана емес, адамзат үшін нағыз батыр, – деді ұйым басшысы.
Артынан әуежайдағы оқиғада батылдық танытқаны үшін Президент Мұса Әбдірайымды «Ерлігі үшін» медалімен наградтады.