Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мұрат Нұртілеу Түрікменстан сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті

2 Шілде 2025, 23:53
484
Бөлісу:
 СІМ
Фото: СІМ

Премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен одан әрі даму перспективаларын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылаған.

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға, сондай-ақ биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге өзара бейілділік білдірілді.

Сонымен қатар министрлер ағымдағы жылға жоспарланған іс-шаралар кестесін қарастырған.

Өзгелердің жаңалығы