Мұнай және газ өңдеу саласындағы жобалар қалай іске асырылуда?

28 Қыркүйек 2021, 11:56
2453
Бөлісу:
Мұнай және газ өңдеу саласындағы жобалар қалай іске асырылуда?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады. Сондай-ақ ведомство басшысы мұнай және газ саласында 113 млрд теңгені құрайтын 6 жоба іске асырылып жатқанын айтты.

Атап айтар болсақ, Ақтөбе облысында 7,9 млрд теңге сомасына 4 жоба іске асырылуда. Олар: мұнай-химия реагенттерін өндіру бойынша (қуаттылығы 1,5-2,5 мың тонна), монтаж көбігі бойынша (қуаты 98 мың тонна), минералды мақта бойынша (қуаты 28 мың тонна), сондай-ақ ілеспе газды қайта өңдеу (қуаты 40 мың м3) бойынша жобалар. Олар биыл іске асырылады, - деді Энергетика министрі.

Оның айтуынша, жобалар шеңберінде 300-ден астам адам жаңа жұмыс орындарымен қамтылатын болады. Сонымен қатар Түркістан облысында да 2 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Түркістан облысында 105 млрд теңге сомасына 2 жоба жұмыс істеп тұр. Жыл соңына дейін мұнай өнімдерін өндіруге бағытталған қуаттылығы 50 мың тоннаға тең жоба аяқталады деп күтілуде. Келесі жылы қуаты 500 мың тоннаға жететін мотор отыны мен мұнай-химия өнімдерін дайындайтын зауыттың құрылысы жоспарланып отыр, - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Айта кетерлік жайт, бұл жобаларды іске асыру нәтижесінде 400-ден астам жаңа жұмыс орны пайда болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде 9 жел электр стансасы бой көтеретіні туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы