Мұнай қымбаттап, соғыс күшейді: Қазақстан бюджеті өзгере ме?

Бүгінде мұнайдың саудаланып жатқан бағасынан гөрі гуманитарлық жағы көбірек алаңдатады.

 ©BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 13:59
Бүгiн 2026, 13:59
207
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қазіргі жағдайда республикалық бюджетті қайта қарау мәселесі қарастырылып жатпағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, әлемдегі геосаяси ахуал құбылмалы болғандықтан, жаһандық экономикалық үрдістердің қаншалықты тұрақты болатынын дәл болжау қиын.

Қазіргі таңда республикалық бюджетті қайта қарауға негіз жоқ. Неліктен екенін түсінесіздер ме? Себебі қандай трендтер қалыптасатыны және олардың қаншалықты тұрақты болатыны әзірге белгісіз, – деді Серік Жұманғарин.

Оның сөзінше, Қазақстанды қазір мұнай бағасынан гөрі аймақтағы гуманитарлық жағдай көбірек алаңдатады.

Бізді қазір мұнайдың саудаланып жатқан бағасынан гөрі гуманитарлық жағы көбірек алаңдатады. Бұл қақтығыс тезірек аяқталып, тараптар бейбіт келісімге келгенін қалаймыз, – деді министр.

Жұманғарин Қазақстанның Иранмен және Парсы шығанағы елдерімен сауда-экономикалық байланыстары белсенді дамып жатқанын атап өтті.

Иран және ЕАЭО елдерімен еркін сауда режимі туралы келісімге қол қойғанбыз. Сауда белсенді жүргізіліп жатыр. Парсы шығанағындағы барлық елмен де сауда қарқынды. Сондай-ақ Америка Құрама Штаттарымен де қарым-қатынасымыз жақсы. Жыл сайынғы тауар айналымы шамамен 4 млрд долларға жетті, – дейді ол.

Наверх