Мұнай өнімдерін шекара арқылы тасымалдаушылар көбейген

14 Маусым 2022, 17:24
1575
Бөлісу:
Мұнай өнімдерін шекара арқылы тасымалдаушылар көбейген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасындағы жоғары сұранысқа ие бензин маркалары құн айырмасының нәтижесінде, қазіргі уақытта Қазақстан-Қырғызстан шекарасында шекара арқылы жанар-жағармай материалдарын тасымалдаушы автокөлік құралдары санының ұлғайғаны байқалуда. 

Бұл туралы  ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Мұнай өнімдерін шекара арқылы тасымалдаушылар көбейген
 

Оның барысында тасымалдау ережелерінің бұзылуы да тіркелуде (зауытпен қарастырылмаған қосымша бензин бактарын орнату не оларды кеңейту).

Тасымалдаушылардың осы санатына қатысты мемлекеттік шекараны кесіп өту жиілігіне шектеудің болмауы өткізу пункттеріне жүктемені едәуір арттырады және шекаралық өткелдерге тікелей жақын жерде автокөлік құралдарының жиналуына алғышарттар тудырады.

Мұнай өнімдерін шекара арқылы тасымалдаушылар көбейген

Бұдан басқа, жанар-жағармай тасымалдау үшін жеке автокөлікті пайдаланатын азаматтар көбіне қауіпсіздік ережелерін ескермейді, өз кезегінде бұл қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.

Шекара қызметі қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында аталған тәсілмен жанар-жағармай тасымалдау әрекетінен бас тартуды ұсынады.

Өзгелердің жаңалығы