Мұнай өндірісінің азаюы кері әсерін тигізді – Бектенов

28 Қаңтар 2025, 11:10
374
Бөлісу:
Мұнай өндірісінің азаюы кері әсерін тигізді – Бектенов
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Мұнай өндірісінің төмендеуі экономикаға кері әсерін тигізді. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет басышсы былтыр депуттатық корпуспен өзара бірлесе отырып, еліміздің одан әрі дамуына бағытталған бірқатар маңызды заңдар әзірленгенін атап өтті.

Былтыр экономика 4,8 пайызға өсті. Ал ауыл шаруашылығында – 13,7 пайыз, құрылыста – 13,1, саудада – 9,1, көлікте – 8,5 пайыз деңгейіне қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,9 пайызға ұлғайды. Аграрлық сектор мен өңдеуші салада соңғы 10 жылдағы қарқынды өсім тіркелді. Десек те, мұнай өндіру көлемі 2 миллион 400 мың тоннаға төмендеп, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынына кері әсерін тигізді. Бұл көбіне еліміздің ОПЕК+ шеңберіндегі міндеттемелеріне және ірі кен орындарындағы күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты, - дейді үкімет басшысы.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Алқалы жиында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.

Өзгелердің жаңалығы