Мұнай-газ машина жасау саласында өндіріс көлемі 41,2%-ға ұлғайды

7 Тамыз 2024, 18:11
390
Бөлісу:
Мұнай-газ машина жасау саласында өндіріс көлемі 41,2%-ға ұлғайды
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша мұнай-газ машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 41,2%-ға ұлғайып, 27,6 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Машина жасау саласын дамыту дирекциясы хабарлады.

Осы уақыт аралығында салаға $1 356,9 мың инвестиция тартылған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2,4 есе көп ( $ 557,1 мың).

Мұнай-газ машина жасау саласы - бұл мұнай және газ өнеркәсібі, сондай-ақ химия және мұнай-химия өнеркәсібі үшін арнайы жиынтық технологиялық желілер мен қондырғыларды және технологиялық жабдықтар өндірісімен айналысатын машина жасау саласы. Қазақстанда осы салада 48 кәсіпорында 1700-ден астам адам жұмыспен қамтылған.

Биылғы жылы бұл секторда екі жобаны іске асыру жоспарланған. 

Атап айтқанда, Маңғыстау облысында бұрандалы сорғы жүйелерін шығаратын зауыт салу және Атырау облысында сорғы жабдықтарын жөндеу, құрастыру және сервистік қызмет көрсету бойынша цех салу жобалары.

Өзгелердің жаңалығы