Мұнай бағасы Ирандағы газ кен орнына жасалған әуе соққысынан кейін күрт өсті

Израильдің Ирандағы ең ірі газ кен орны.

 pexels.com Бүгiн 2026, 01:40
Бүгiн 2026, 01:40
144
Фото: pexels.com

Израильдің Ирандағы ең ірі газ кен орны – Оңтүстік Парс нысанына жасаған соққысынан кейін Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 110 долларға дейін көтерілді. Сонымен қатар, америкалық WTI мұнайы да қымбаттап, барреліне 98 долларға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Соққылар сондай-ақ Асалуйе аймағындағы мұнай нысандарына да жасалған. Бұл жағдай инвесторлар арасында энергия ресурстарының жеткізілуі бұзылуы мүмкін деген алаңдаушылықты күшейтті.

Осы жағдай аясында қор нарықтарында акциялар арзандай бастады, себебі геосаяси тәуекелдер артты.

ағаның өсуіне қарамастан, кейбір оң жаңалықтар әсер ете алмады:

Сауд Арабиясы Рас-Танурадағы ең ірі мұнай өңдеу зауытының жұмысын қайта бастағанын растады;

Дональд Трамп әкімшілігі Джонс заңы талаптарын 60 күнге уақытша тоқтатты.

Алайда аймақтағы шиеленістің күшеюі мен мұнай инфрақұрылымына жасалған шабуылдар бұл факторлардың әсерін әлсіретіп, мұнай бағасының өсуін жалғастыруда.

Наверх