Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров еліміздегі мұнай бағасына болжам жасады, деп хабарлайды, BAQ.KZ тілшісі.
Ұлттық экономика министрі бұл болжам халықаралық ұйымдардың болжамдарын ескере отырып алынғанын айтты. Мәселен, ХВҚ болжамына сәйкес, әлемдік экономика 2025 жылы 3,3%-ға өседі. Мұнайдың 2025 жылға арналған әлемдік бағасы бойынша консенсус болжамы барреліне $78 болмақ.
Сыртқы параметрлердің өзгеруіне байланысты үш даму сценарийі қарастырылады: базалық, оптимистік және пессимистік. Базалық сценарийде мұнайдың орташа бағасы барреліне $75 деңгейінде ұсынылады. 2025 жылы ЖІӨ-нің нақты өсімі болжам бойынша 5,6%-ды, ЖІӨ-нің 5 жылдағы орташа жылдық өсімі 5,4% жетпек. Номиналды ЖІӨ 2025 жылы 150,8 трлн теңгеден 234,2 трлн теңгеге немесе 2029 жылы $498,4 млрд дейін өседі, бұл Мемлекет басшысының экономика көлемін екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмасының орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл ретте экономиканың барлық салаларында өсім күтілуде, — деді Байбазаров.